Қарулы шабуылдан Жапониядағы мектептердің бірінде оқитын бастауыш сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті полиция.
Оқиға салдарынан барлығы 20 адам жарақат алды, оның жартысынан астамы Caritas мектебінде оқитын 6-7 жастағы қыз балалар. Бір оқушы мен бір ересем адамның жағдайы өте ауыр. Тағы бес қыз баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Шабуыл жасаған 50 жастағы ер адам өзіне пышақ сұғып, оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетейік, бүгін ер адам аялдама жанындағы оқушы қыздарға шабуыл жасаған болатын. Оқиға орнынан екі пышақ табылды.
Дереккөз: Ria.ru