$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда Өзбекстанның 16 азаматы газдан уланды

Оның ішінде Э. Хусанов, И. Маурутов, Н. Хусанов пен К. Хусанов жағдайы ойдағыдай болғандықтан қабылдау бөлмесінен үйлеріне қайтқан.
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Алдын ала болжам бойынша, улану оқиғасы жаңадан салынып жатқан үйде бензин агрегаты істен шығып, тұншықтырғыш газдың ағып кетуінен орын алған. Бұл үйде Өзбекстан азаматтары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінің ақпараты бойынша, 3 маусым сағат 00.15-те Қарағандыда Өзбекстанның 16 азаматының тұрмыстық газдан улану фактісі тіркелді. Зардап шеккендер Қарағанды облыстық медициналық орталығына «тұрмыстық газбен, оның ішінде орташа ауырлықтағы улы газбен ингаляциялық улану» диагнозымен жеткізілді. Токсико-гипоксиялық энцефалопатия», - деп хабарлады Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде. Мамандар төтенше жағдайдың себебін анықтап жатыр. 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құрылыста жұмыс істеген Өзбекстан азаматтары Қазақстанда заңды түрде тіркелгенін айтады. 

«Аталмыш дерек полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жағдайды анықтауда. Сондай-ақ, аталған азаматтар көші-қон полициясында тіркелген және жұмыс берушімен ресми келісімшарты бар», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Токсикология бөлімінің ауызша мәліметіне сәйкес, Хусанов Сардор (20.07.2001 ж. т.), Джураев Валентин (15.04.1998 ж. т.), Хусанов Шарип (08.02.1973 ж. т.), Точканов Алишер (17.10.1996 ж. т.), Неъматов Бахадур (30.03.1992 ж. т.), Элбаев Одил (12.04.1986 ж. т.), Елбаев Фарух (02.02.1992 ж. т.), Точканов Шахзод, 10.03.1999 ж. т.), Точканов Дастан (24.10.1995 ж. т.), Точканов Айбек (15.02.1996 ж. т.), Искандаров Обид Саллоходинович (01.08.1995 Ж. Т.), Самиев Азбек (01.01.1998 ж. т.), Хусанов Эгамберди (25.01.1976 ж. т.), Маурутов Иззат (01.01.1991 ж. т.), Хусанов Нияз (01.01.1990 ж. т.), Хусанов Кобонует (18.04.1982 ж. т.) тұрмыстық газдан уланып, ауруханаға жеткізілген. 

Оның ішінде Э. Хусанов, И. Маурутов, Н. Хусанов пен К. Хусанов жағдайы ойдағыдай болғандықтан қабылдау бөлмесінен үйлеріне қайтқан. 

«Зардап шеккендердің жағдайында оң динамика байқалады. Өздерін жақсы сезінеді. Барлық қажетті емді алып жатыр. Барлық емделушілердің көңіл-күйі жақсы», - деді Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуал орталығының басшысы Ерік Шонбаев.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары