$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұз көшесінде құбыр жарылып, судың қысымы айналасын түгел қиратты

17 тамыздан бастап жылу желілерін жөндеу-құрылыс учаскелерінің қызметкерлері зиян келген пәтерлердің терезесін салуда. Сондай-ақ, құбыр желісіне жақын орналасқан жерде тұрған үш көлікке де зиян келген.

16 тамыз күні кешке М. Әуезов көшесінің бойындағы №36 және №42 тұрғын үйлер арасында апат болып, диаметрі 500 мм жерасты магистральды қайтармалық құбыржолы жарылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Шақпақ тас жабынын шайып кету салдарынан 4 пәтердің тұрғынына және М. Әуезов көшесіндегі 36-шы тұрғын үй ғимаратында орналасқан азық-түлік дүкенінің қожайынына зиян келіп, терезе жақтауларының әйнегі сынып, тұрғын үйлер су астында қалған. Бас инженер бастаған арнайы құрылған комиссия халықпен жұмыс істеуде және келтірілген шығын көлемін анықтауда», – деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ.

Коммуналдық комиссия шығынның орнын толтыру үшін тексеру актісін жасады. 17 тамыздан бастап жылу желілерін жөндеу-құрылыс учаскелерінің қызметкерлері зиян келген пәтерлердің терезесін салуда. Сондай-ақ, құбыр желісіне жақын орналасқан жерде тұрған үш көлікке де зиян келген. Көлік иелеріне келген шығынды полиция тіркеген.

Автокөліктерді жөндеу шығынын «Павлодарэнерго» АҚ өз мойнына алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары