$ 494.87  520.65  4.91

Шетелдіктерге өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алматылыққа іздеу жарияланды

Наурызбай ауданы Полиция департаментінің хабарлауынша, ол шетелдік азаматтарды полиция өкілімін деп алдап, көші-қон саласындағы мәселелерін шешіп беремін деп уәде берген.

Шетелдік азаматтарды полицей өкілімін деп алдап келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Наурызбай ауданы Полиция департаментінің хабарлауынша, ол шетелдік азаматтарды полиция өкілімін деп алдап, көші-қон саласындағы мәселелерін шешіп беремін деп уәде берген. Нақты айтқанда, Қазақстанда тұру рұқсатын алып беремін деп сендірген. 1985 жылғы азамат әрбір қызметі үшін 250 мың теңге алған.  

"Өзінің клиенттерін сендіру үшін кездесулерге алаяқ арнайы полиция формасын киіп келіп жүрген. Қазір ол ұсталды. Тергеу кезінде оның құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екені анықталды. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен бірнеше азамат, оның ішінде шетелдік азаматтар зардап шеккен", - деп мәлімдеді Наурызбай ауданы Полиция басқармасының басшысы, майор Зухраб Сырзағали. 

Тергеушілер күдіктінің суретін жариялаған. Таныған жағдайда келесі телефон номерлеріне хабарласуға болады: 254-44-61 және 254-44-62; 254-44-64. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары