Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасында атыс болып, жараланғандар бар деген ақпарат жетті, деп хабарлайды Adyrna.kz.
Жылыбұлақ ауылының бұрынғы әкімі Меңдібай Мейірманов бұл ақпаратты растап, ауылда атыс болғанын, жараланғандар бар екенін айтты. СОБР жергілікті тұрғындардың көліктерін атқан дейді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл қақтығыс жаз бойы жалғасып келе жатыр.
Жақында ғана осы ауылдың жігіттері мен көлдің инвесторлары арасында төбелес болған болатын.