Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен, деп дабыл қақты Skifnews.kz ақпараттық порталы Алматы қаласы әкімінің ресми әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдеуінше, іздеу-құтқару жұмыстары өз жұмысын бастап кеткен. Және ол Қырғыз әріптестерінен де қолдау күтетінін жазды.
"Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хантәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз", - деді қала әкімі өз жазбасында.