Оқиғалар 29.08.2019 сағат 09:30

«Сүйегін күні-түні өртеген»: Меңдіқарадағы құлдықта қорлықпен өлтірілген жұмысшыға қатысты тың дерек

Сонымен қатар, көз жұмған ер адам сексуалдық зорлыққа тартылған.
«Сүйегін күні-түні өртеген»: Меңдіқарадағы құлдықта қорлықпен өлтірілген жұмысшыға қатысты тың дерек
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанай облыстық полициясындағылар шынжырлап ұстап, қатігездікпен өлтірілген ер адамға қатысты істің мән-жайын айтып берді. Аталған қылмыс бойынша, дәмхана иесі мен түрлі жұмыс атқарушы екі адам күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі, «Алау» порталына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Меңдіқара ауданындағы дәмханада болған қылмысқа дәмхана иесі мен түрлі жұмыс атқарушы екі адам күдіктелуде. Оларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалыпты. Анықталғандай, күдіктілердің әрекетінен тағы бірнеше адам зардап шеккен.

Полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстановтың сөзінше, кәсіпкер адамдарды қаржылық тәуелділікте ұстап, әр ағаттығы үшін айыппұлмен жазалап, жұмысшыларға қолхат жаздыратын болған.

«Олардың әрқайсысы шамамен 40, 100 мың теңге «қарызданған». Олар қорыққандықтан, кете алмапты», – дейді Нұрлан Арыстанов.

Сонымен қатар, ол күдіктілердің адамдарды өлтіргеннен кейін олардың мәйітімен не істегендерін айтып берді.

«Бір жылдан кейін оқиға орнын тексеру барысында тапқанда көргеніміздей, сүйегі полиэтилен пакетке сыйып кетеді. Олар оны күні-түні өртеген. Түгін қалдырмай өртеп жіберу үшін баллондар қолданған», – дейді тергеу басқармасының басшысы.

«Астана» арнасының мәліметінше, сонымен қатар көз жұмған ер адам сексуалдық зорлыққа тартылған.

Ендігі күдіктілер кісі өлтіру, денесіне зақым келтіру, зорлау баптары бойына айыпталып отыр. Анықталғандай, кәсіпкер бірқатар жұмысшысын үнемі ұрып-соғып, еңбек және сексуалдық құлдықта ұстаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында ер адамды ұрлап кетіп, шынжырлап ұстағаны туралы хабарланған еді. Оны ыдыстан тамақты кір қолымен алып жегені үшін өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар