$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда төбелеске қатысып, пневматикалық қарудан оқ атқандар ұсталды (ВИДЕО)

Төбелеске қатысқандар бір-біріне тас, шөлмек лақтырған.

Ақтауда 12-ықшамауданның тұрғындары тұрғын үйдің ауласында болған жаппай төбелесті видеоға түсіріп алған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Бұл туралы  «Лада» порталына сілтеме жасап  Stan.kz хабарлайды. 

Төбелеске қатысқандар бір-біріне тас, шөлмек лақтырған. Сонымен қатар пневматикалық қарудан оқ атыпты. 

Полиция қызметкерлері төбелестің видеосын тексерді. Артынша төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталып, жауап алу үшін жергілікті полиция қызметіне жеткізілген. 

Оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 Аталған құқық бұзушылық үшін берілетін жазада 5 мың АЕК-ке дейінгі (12 625 000) айыппұл, осындай көлемдегі түзету жұмыстары, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осындай уақытқа бостандығынан айыру қарастырылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары