$ 446.49  475.38  4.79

Зардап шегушінің арызын полиция қабылдамаған (ВИДЕО)

Белгісіз адам қызға шабуыл жасап, мойнынан қысқан сәтте зардап шегуші қашып құтылуға тырысқан.

Павлодардағы үй кіреберістерінің бірінде жас қызға шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызға шабуыл жасалған сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Instagram желісінде тарап кеткен видеода қыз үйге кіріп, артынан басына капюшонын киіп алған ер-азамат кірген. Белгісіз адам қызға шабуыл жасап, мойнынан қысқан сәтте зардап шегуші қашып құтылуға тырысқан. Бірнеше секундтан кейін ер адам қолына қоржын асынып, қашып кеткен.  

Кейіннен оқиғаның Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде болғаны анықталған. Зардап шегуші жазбада полицияға шағымданғанын айтқан. Бірақ полиция өкілдері оның арызын қабылдамаған екен. 

Зардап шеккен қыз құрбыларымен бірге бақылау камерасына түсіп қалған видеоны тауып алып, өзіне шабуылдаған адамды танығандарға іздеу салған. Полиция өкілдері шағым түскеннен кейін бірден автоматты түрде тіркелгенін айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары