$ 494.87  520.65  4.91

Жүргізуші ұйықтап кетіп, автобус аударылып түсті

Автобус техникалық тексеруден биыл 17 маусым күні өткен.

Бүгін таңғы сағат 06:20 кезінде Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Өскемен» автожолының 812 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі мәлімет бойынша автобус жүргізушісінің ұйықтап кетуі салдарынан автобус аударылған. Көлікте 23 жолаушы (оның ішінде 14 адам Моңғолия азаматы) мен 2 жүргізуші болды. Көлік апатынан 4 адам зардап шекті», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде. 

Ведомствоның хабарлауынша, автобус техникалық тексеруден биыл 17 маусым күні өткен. Аталған жол учаскесінде «К-Дорстрой» АҚ тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жол-көлік оқиғасы орын алған бұл учаскеде жол белгілері орналасу тәртібіне сәйкес орнатылған. «Оқиға орнына «К-Дорстрой» АҚ өкілдері мен Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары барды. Қазір көлік апатының мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары