$ 445.66  474.58  4.78

Танымал боксшы әйелінің мұрнын сындырғаны үшін түрмеге түсті

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық» бабы бойынша айып тағылып, ол сол күні түрмеден босатылған.
фото: sport.ua
фото: sport.ua

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы армян текті америкалық боксшы Ванес Мартиросян қамауға алынды. Спортшы әйелімен жанжалдасып, оны соққыға жыққан деп жазады Газета.ру-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, боксшы 15 қыркүйекте әйелімен ұрсысып қалған.

Алайда, сөзге келу жай аяқталмады. Жанжал кезінде спортшы жүбайының бетінен ұрып, мұрнын сындырған.

Кейінірек, спортшыға «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» бабы бойынша айып тағылып, ол сол күні түрмеден босатылған.

Ол үшін 50 мың доллар көлемінде кепіл енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары