$ 444.22  476.38  4.82

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсап өлді

Тексеріс жүріп жатыр.
фото: saharamedias.net
фото: saharamedias.net

Тұрғымбаев департамент басшысының орынбасары астанаға норматив тапсыру үшін келіп, өзіне қол салғанын атап өтті.

Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Нұр-Сұлтанға іссапармен келіп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Өз-өзіне қол жұмсады. Тексеріс жүріп жатыр. Бізде көз жұмған, жарақат алған барлық қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі», - деді министр үкімет кулуарында.

Тұрғымбаев ер адамның астанаға норматив тапсыру үшін келгенін атап өтті. Норматив үш жылда бір тапсырылады екен.

Бұған дейін БАҚ-та Александр Глазконың денесі елордадағы қонақ үйлердің бірінен табылғаны хабарланған еді.

Ол қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметін 2002 жылы бастаған. 2017 жылдың ақпанынан Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары