$ 494.87  520.65  4.91

Бүлдіршін қызды зорлауға әрекеттенген 74 жастағы кісі сотталды

Ақтөбеде ер адам кішкентай қызға кәмпит беріп, оны зорламақ болған жерінен ұсталған еді. Бұл оқиға маусым айында «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында болған.
фото: donday.ru
фото: donday.ru

Ақтөбеде 6 жастағы қызды зорламақ болған сотталушы М.Таджияковқа үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ақтөбе ювеналдық сотында сотталушы М.Таджияковқа қатысты сот үкімі шықты. Судья Қуаныш Мұратов «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша 74 жастағы М. Таджияковты айыпты деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Ол алдағы 10 жылда педагогика саласында еңбек ете алмайды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. 

Еске салсақ, Ақтөбеде ер адам кішкентай қызға кәмпит беріп, оны зорламақ болған жерінен ұсталған еді. Бұл оқиға маусым айында «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында болған.

Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүрді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары