$ 494.87  520.65  4.91

Екі жасөспірім күзетшіні пышақтап кетті

Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
фото: cpv.ru
фото: cpv.ru

Алматы қаласындағы сауда үйлерінің бірінде жасөспірімдер күзетшіні пышақтап кеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер тұтқындалып,  олардың атынан бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жасаған сілтемесінде

Полиция мәліметінше, оқиға 24 тамызда болған. 2002 және 2003 жылғы екі жасөспірім қаладағы сауда үйлерінің бірінде жұмыс істейтін күзетшісіні пышақтап кеткен. Салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға түсті. 

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне тіркелді», - дейді қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек. 

Бүгінгі таңда күдіктілер тұтқындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. 

Полиция департаментінің тергеу басқармасы осы қылмыстық істі тергеп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары