Оралда қарақшылар ұйымның сейфінен 2 миллион теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы ТДК42 хабарлады, деп жазады Baq.kz.
Полиция қарақшыларды ұстап, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігін анықтады. Олар облыс орталығында көлік ұрлаумен айналысқан. Қарақшылар сейфті бұзып, ішінен ақша, ноутбук және басқа да бағалы заттарды алып кеткен. Олар тағы 17 ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп отыр.
Сейфтен 2 миллион теңге, ноутбук, техника және басқа да бағалы заттарды ұрлаған. Жедел-іздестіру шаралары аясында полицейлер 19 және 21 жастағы екі ер адамды ұстады, - деді полицияда.