$ 494.87  520.65  4.91

Аялдамада қызға тиіскен жігіт оңбай таяқ жеп, өліп кетті

Зардап шеккендердің бірінің бассүйегі қатты жарақаттанған.
фото: Kerek-info.kz
фото: Kerek-info.kz

Өзбекстанның Самарқанд қаласында алты адам қызға тиіскен жігітті соққыға жықты. Алған жарақат салдарынан жігіт көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан соң қыз телефон шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келді.

"Сағат 03:40 кезінде олар қызға тиіскен ер адамның біреуін соққыға жыққан. Кейін екінші жігітті ұра бастады. Оқиғаға қатысты үш адам ұсталды", - деп хабарлады Өзбекстанның тергеу департаменті.

Зардап шеккендердің бірінің бассүйегі қатты жарақаттанған. Ол емдеу мекемесінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары