Нұр-Сұлтан қаласындағы "Хан Шатыр" сауда үйіндегі бутиктердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Өрт туралы хабар "101" пультіне 14 желтоқсанда таңғы сағат 06:23-те түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттағы Climber бутигінде заттар өртеніп жатқан. "Өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кірісті.
Фото: Qazaquni.kz
Қолданылған шаралардаң соң өрт 06:44-те ауыздықталды және 06:48-де 5 шаршы метр аумақта толық өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 8 өрт техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұдан бір ай бұрын шамасында "Хан Шатыр" сауда орталығында өрт шыққан болатын. Бұл өрт оқиғасы туралы да Skifnews.kz ақпарат порталы мәлімет берген болатын.