$ 446.49  475.38  4.79

Танымал әншінің жанкүйерлері отырған автобус аударылып кетті

Автобустағы 7 адам ауруханаға түсті.
фото: znak.com
фото: znak.com

 Ресейдің Свердловская облысында әнші Макс Корждың жанкүйерлері  апатқа ұшырады. Олар әншінің концертінен қайтарда отырған автобус жолда келе жатып аударылып түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Znak.com-ға сілтеме жасап. 

Фото: Tengrinews.kz

Жол-көлік апаты 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша  7:10-да Пермь - Екатеринбург жолында болған. Автобуста 53 адам болған. Алдын ала болжам бойынша апатқа жүргізуші ұйықтап кетіп, рөлге ие бола алмай қалуы себеп болуы мүмкін. Автобус қарсы жолға өтіп кетіп, соның салдарынан аударылып түскен. Осы оқиғаның салдарынан автобустағы 7 адам ауруханаға түсті. 

Тексеру барысында автобус жүргізушісі 1987 жылғы азамат екендігі анықталды. Ол зардап шекпеген. Қазір Ресей ІІМ өкілдері жүргізушіден жауап алып, тергеу жүргізуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары