$ 443.37  474.49  4.83

БҚО-да жол апаты боп, 9 адам ауруханаға жеткізілді

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апаты боп, 9 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Оқиға 17 желтоқсан күні сағат 13.15-те болған. Жымпиты ауылынан Ақтөбеге қарай 15-20 шақырым жерде «Тойота Камри» және «КИА Соренто» автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан 9 адам жеткізілді. Олардың екеуі - кәмелетке толмағандар», - делінген БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты #БҚО