Бүгін полицейлер 9 жастағы қызды зорлаған 21 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 желтоқсан күні 9 жастағы бүлдіршін қыз құрбыларымен бірге мектептен қайтып келе жатты. Артынан бір ер адам ілесті. Өтірік айтып, пәтеріне кіріп, қызды зорлап кетті.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, оқушының ата-анасы полицияға шағым түсірген. Осыдан кейін зардап шеккен қыз бала туралы ақпарат желіге тарап кеткен еді.
Аталған қылмысты ашу ісімен ІІМ криминалды полиция департаменті бастығының орынбасары басқарған арнайы жедел-тергеу тобы айналысты.
Қазір ҚР ҚК-нің 120-бабы, 4-тармағы және 121-баптың 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.