$ 444.22  476.38  4.82

«Зорланған 9 жастағы қыздың отбасы туралы ақпарат таратқандар жазалансын!» - қоғам белсендісі

Осының барлығына 12.12.2019 күні Ақтөбе қаласы Алматы аудандық ПБ №3 полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Н. Зауланбаевтың қолы қойылған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

«Немолчи» қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жүгініп, Ақтөбеде зорлықтан зардап шеккен баланың отбасы жайындағы жеке ақпаратты таратқан кінәлілерді жазалауды өтінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы мырза, Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлау фактісіне қатысты WhatsApp топтарында отбасының барлық жеке ақпараты мен жасалған қылмыстың барлық мән-жайы, зардап шеккен баланың кәмелеттік жасқа толмаған құрбыларының есімдері, мекен-жайлар, ата-анасы жайындағы мәлімет, тіпті, екеуінің жұмыс орындары жазылған анықтамалық ақпараттар таратылуда.

Осының барлығына 12.12.2019 күнгі Ақтөбе қаласы Алматы аудандық ПБ №3 полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Н. Зауланбаевтың қолы қойылған. Ақпараттың таралуын дереу тоқтатып, кінәлілерді қатаң жазалауды өтінеміз!» - деп жазды құқық қорғаушы, қозғалыстың facebook-тағы тобында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зорлық