$ 448.15  483.46  4.86

Метро құрылысы жерге опырылып, 5 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де құрылыс жұмыстары кезінде болған.

Ташкентте толассыз жауған жауын-шашын салдарынан метро құрылысы кезінде жер опырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Podrobno.uz-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де құрылыс жұмыстары кезінде болған. 250 текше метрге жуық жерде топырақ опырылған. Құтқарушылар оқиға орнынан бес адамның денесін тапты. Олар - 1999 жылғы Д. Абдуллаев, 1986 жылғы А. Диеров, 1989 жылғы Ж. Равшанов, 1956 жылғы Т. Абдуллаев пен 1996 жылғы И.Рахматов. 

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ТЖМ мен мердігерлік құрылыс компанияларының өкілдері жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары