$ 494.87  520.65  4.91

Астана маңындағы коттедждерді тонаған қылмыскерлер ұсталды

Бұдан бұрын сотталған азаматтар Қосшы мен Талапкер ауылдарындағы жекежайларда ұрлық жасаған.

Полицейлер қылмыстық топқа Ақмола облысында 11 құқық бұзушылықты жүктеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Ұсталған қаскүнемдердің жасы - 20 мен 24 жас аралығында. Олар - Түркістан, Қостанай облыстарынан келгендер мен астана тұрғындары. Бұдан бұрын сотталған азаматтар Қосшы мен Талапкер ауылдарындағы жекежайларда ұрлық жасаған.

Полицейлердің айтуынша, күдіктілер тонайтын үйлерге алдын ала барып-қайтатын. Ал қылмыстық істерін баспана иелерінің үйде жоқтығына көз жеткізген соң, қараңғы уақытта жүзеге асырған. Олжаларын (ақша, зергерлік және тері бұйымдарын) елорда ломбардтарына өткізіп отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары