$ 498.34  519.72  4.85

«Видеоларды өшірмесеңдер, оқудан шығарамыз»: студенттер Алматыдағы жаппай төбелесті растады (ВИДЕО)

«Қылмыста ұлт болмайды! Бірақ қазақ баласының басын қоқысқа апарып тығатындай сұмдық жағдайды колледж басшылары неге жасырып, жапқысы келеді?».

Белгілі журналист Ирина Советжанқызы facebook парақшасына Алматы қаласындағы медициналық колледжде болған екі оқиғаның видеосын жүктеді. Оның бірінде бір топ студент курстастарының басын қоқыс шелегіне тықса, екіншісінде соның салдарынан жастардың колледж залында жаппай төбелескені көрсетілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қылмыста ұлт болмайды! Бірақ қазақ баласының басын қоқысқа апарып тығатындай сұмдық жағдайды колледж басшылары неге жасырып, жапқысы келеді? Бұрынғы РМК, қазіргі РВМК медколледжінде түсірілген бұл видеодан соң жастар арасында жаппай төбелес болған. Оның видеосын да саламын. Маған видеоны сол оқу орнының студенттері жіберді» деп жазды Ирина Советжанқызы.

Кейін белгілі болғандай, студенттер колледжге бір-бірінен кек алу үшін өз бауырларын шақырған. Ал оқытушылардың сырттан келген ашулы топтан студенттерді арашалап алуға шамасы жетпегенін көруге болады.

Журналистің «РВМК парақшасын білетіндер, белгілеңіздерші!» деген келесі жазбасына сол мекеменің қызметкері Талғат Жанысбай «Бұл жалған ақпарат» деп қарсы уәж айтты.

«Армысыздар, РВМК оқырмандары! Әлеуметтік желіде Республикалық жоғары медициналық колледжі туралы жалған ақпараттар тарап жатқанын ескертеміз. Колледжде студенттердің ішкі тәртіп ережесін бұзуы тіркелген жағдайда, студенттердің ата-аналары шақыртылып, тиісті шаралар қолданылады.

Желтоқсан айының 13-і күні колледж қабырғасында тәртіп бұзушылық орын алған жоқ. Жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады. Құрметпен Республикалық жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі» деп жазды Талғат Жанысбай.

Ал колледж қызметкеріне заңгер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек: «Талғат, мен сені сыйлаушы едім. Қазір көңілім қалып отыр. Өткенде анау колледж балаларын қылмыскер қылып шығардың!» - деп ренішін білдірді.

Одан кейін Ирина Советжанқызы парақшасына үшінші жазба қалдырды.

«Алдыңғы видеоларға қатысты РВМК оқу орнының жауабы осы. 11 желтоқсан күнгі жағдай екен. Бес студент оқудан шығарылыпты. «Екінші видеодағы жаппай төбелес болған жоқ, алғашқы видеоны түсіріп, таратып жіберген студент пен екі жігіттің арасындағы жағдай», - деп түсіндірді оқу орнының өкілі Талғат Жанысбай. Келесі постқа студенттердің хаттарын саламын», - деді ол жазбасында әріптесіміз.

Жолданған хаттың бірі мынадай: «Ирина Советжанқызы, саламатсыз ба? Мен РВМК колледжінің студентімін. Осы көрген видеода болған едім. Директорымыз бұл ситуацияға өте бей-жай қарап, РУВД-ға барып, барлығын жоққа шығарып отыр. Көптеген ұйғыр, түрік балалары больницаға түсті».

Оған «Жалған ақпарат деп жатыр ғой» деген журналистке: «Жоқ, барлығы шындық. Барлығымызға видеоларды өшірмесеңдер, оқудан шығарамыз деді. 4 курс студенттері төбелескен», - деп жауап берген.

Студент жазбасының жалғасы мынау:

Бұдан бөлек, студенттердің осы мәселеге қатысты жазған хаттары Instagram желісіндегі saebiz_banda тобында да қызу талқыға түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары