$ 448.89  477.93  4.76

Жатақханадағы оқиға: колледж студенті терезеден құлап кетті

Мамандардың сөзіне сенсек, студент бұл жағдайға абайсызда тап болған.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

17 жастағы жасөспірім Қостанай колледжіне қарасты жатақхана терезесінен құлап, мертікті. Жазатайым оқиға 18 желтоқсан күні болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп.

Мамандардың сөзіне сенсек, ғимараттың 3-қабатынан абайсызда жығылған 17 жастағы бозбала дереу ауруханаға жеткізілді.

«Ол жабық өкше сүйегі жарақатын алды. Жағдайы - орташа тұрақты», – дейді  студентті қараған медицина мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары