$ 498.34  519.72  4.85

Әкесін өлтірген қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды (ВИДЕО)

Тек мәйітханада оның кеудесінен пластырь анықталған. Оны алған кезде тұрғынға оқ тигені белгілі болған. Оқ ер адамның өкпесі мен жүрегін тесіп өтіпті.

Қостанай облысына қарасты Алтынсарин ауылы тұрғынының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімімен Анатолий Тихоненконың өліміне қатысты іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Alau.kz-ке сілтеме жасап.

49 жастағы Лариса Пурик Алтынсарин ауылында науқас әкесі Анатолий Тихоненкомен бірге тұрған. Лариса -  психикалық аурына байланысты екінші топтағы мүгедектердің қатарында. Денсаулық жағдайына қарамастан, ол әкесіне күтім жасаған. Бірақ, 2019 жылы 12 мамырда әкесі Тихоненко қаза тапқан.

Ларисаның әкесі қайтыс болған кезде Тихоненконың сол ауылда тұратын екі қызы марқұмның үйіне келіп, жергілікті учаскелік инспектор мен медициналық қызметкерді шақыртады.

"Туыстары оның өзі ажал құшқанын айтқан. Десе де өздері оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырыпты. Тергеу тобы Анатолий Тихоненконың денесін аудандағы мәйітханаға жіберген. Мәйітті тексеру барысында оған оқ тигені анықталды", - деді судья Алтынай Сағындықова.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, Анатолий Тихоненко өлі күйінде табылған кезде оның үстінде киімі болған әрі денесінде қан іздері көрінбепті. Тек мәйітханадағы тексеру кезінде мәйіттің кеудесінен пластырь табылған. Пластырды оның кеудесінен алған кезде Тихоненкоға оқ тигені анықталды. Оқ  азаматтың жүрегі мен өкпесін тесіп өткен.

Осы фактіден кейін іздестіру шараларын күшейткен полиция марқұмның үйінен ешқандай да қару таппаған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді бірінші рет тергеп, "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Тергеушінің берген мәліметіне сәйкес, учаскелік инспектор Лариса Пурик алғашқы тергеу барысында туған әкесіне оқ атқанын айтқан. Себебі, қыздың айтуы бойынша әкесі қызынан өзін атуын сұрапты ", - дейді судья.

"Сот күдіктінің ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша заңға қайшы әрекетті ессіздік жағдайында жасағаны туралы үкім шығарды. Сол себепті, Лариса Пурик қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын!" - деген сот үкімі шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#науқас #сот