13 жастағы бала Көктөбедегі аттракциондардың бірінде басын жарақаттап, аяғын сындырып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
Жауапты мамандардың сөзінше, қазір бала ауруханада, жағдайы тұрақты.
"Дәрігерлер пациентті Алматыдағы балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығына жеткізді. Ұлдың халі тұрақты, ол толығымен көмек алып жатыр", - деп мәлімдеді Алматының денсаулық сақтау басқармасы.
Бұған дейін facebook әлеуметтік желісін қолданушы Тимур Жаркенов "Рогатка" аттракционынан адам құлады" деп жазған еді.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне,сүйенсек оқиға екінші қаңтарда болған.Тәртіп сақшылары оқыс оқиға баланың қателігінен болған деп отыр. Ал баланың ата-анасы "ешкімге наразы емеспіз" деген екен.