$ 447.4  477.55  4.76

Оралдық жолаушылар мінген автокөлік жылқыларға соқтығысты

Оқиға Ақсай-Бөрлі жолының 10-шақырымында болған.

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыларға соқтығысып, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ақсай-Бөрлі жолының 10-шақырымында болған. 1958 жылғы ер адам айдаған Митсубиси автокөлігі үш жылқыға соқтығысқан. Соның салдарынан 1957 жылғы екі ер адам және 1960 жылғы әйел адам түрлі жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандар ауруханаға басқа көлікпен өздері келген.

Бұғанасы сынған бір азамат пен әйел адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Кеуде тұсына зақым келген бір азамат дәрігердің бақылауына қалдырылды.

Еске сала кетсек, өңірде бұдан бұрын да бір автокөлік жылқымен соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары