$ 494.87  520.65  4.91

Кортежбен жүру мәдениетін білмейтін жастар енді Түркістан қаласынан бой көрсетті

Қала орталығындағы жол қауіпсіздігін дер кезінде қадағаламаған Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір бұл видеоның қашан және қай жерде түсірілгенін анықтап жатқандарын хабарлады.

Таяуда ғана елорда орталығында бір топ кортежбен жол жүру ережесін бұзып, Тұран даңғылы бойындағы көліктерді бөгегендер туралы жазған болатынбыз. Енді міне, сондай білместікті Түркістан қаласының жастары қайталап отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол жүру ережелерін өрескел бұзған бұл кортеждің видеосы «Жолдарды бақылау» қоғамдық бірлестігінің facebook парақшасына жарияланды. Видео көшеде кетіп бара жатқан көліктің ішінде түсірілген.

Жарияланған үш кадрда бірнеше автокөлік байқалады. Олардың біреуі кері қарай жүріп бара жатыр. Бұдан бөлек, жігіттердің автокөлік терезесінен беліне дейін шығып тұрғаны да көрінеді. Тіпті, олар полицияның арнайы дабылына ұқсас сигналдарын ойнатып жүр. Ал видеоны түсіріп отырған адамның көлігі страбоскоппен жасақталған.

Аталған топқа желі қолданушы Денис Шевченконың жазуынша, оқиға Түркістан қаласының орталық көшесінде болған. «Даладағы дәретхананы дұрыс күзетпеген» мұғалім мен полиция басшысы арасындағы дауға байланысты қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен уақытша шеттетілген Данияр Мейірханды, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі мен Әкімшілік полиция комитетін белгілеген ол:

«Түркістан қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен босатылғалы бері қала көшелерінде тағы осындай жайттар басталды. Жол ережесін бұзушылар тайраңдап жүр. Олар енді ұялмай, Түркістанның орталық көшесінде «бәйге» ұйымдастырады... Полиция патрульдері қайда? Тәртіп қайда?» - дейді.

Ал қала орталығындағы жол қауіпсіздігін дер кезінде қадағаламаған Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір бұл видеоның қашан және қай жерде түсірілгенін анықтап жатқандарын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары