$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде сатушы әйел қарақшының қолындағы мылтығын жұлып алды (ВИДЕО)

Қысқа уақыт ішінде жедел-тергеу тобы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, 1965 жылы туған жұмыссыз ер адамды анықтап, ұстады.

Өскемен қаласының Полиция басқармасына азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Кейін анықталғандай, 45-50 жас шамасындағы белгісіз ер адам шолақ мылтықпен қорқытып, дүкен сатушысынан арақ пен ақша талап еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүкеннің иесі қылмыскерден жасқанбай, оның қолындағы қаруын жұлып алған. Ал масаң күйдегі қарақшы мылтықты қайтарып алуға тырысады. Алайда, сатушы оны бастан сол қарумен ұра бастағанда, «тонаушы» сыртқа шығып, қаша жөнеледі.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, күдіктінің сипаттамасын жасайды. Қысқа уақыт ішінде жедел-тергеу тобы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, 1965 жылы туған жұмыссыз ер адамды анықтап, ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (тонау) және 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері Өскемен қаласы тұрғынының батылдығын жоғары бағалап, оған алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етті.

Эльмира Ибрагимқызы сол сәтте зор тәуекелмен қауіп-қатерге бас тіккен. Әйтпесе, сараптамада қарақшының қолындағы бір ұңғылы шолақ мылтық оқ атуға жарамды болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары