$ 498.34  519.72  4.85

Аяқасты олжаға кенелген такси жүргізушісі барлық айыппұлын жауып тастады

Тексере келе, такси жүргізуші тауып алған ақшаны пайдаланып, айыппұлдарын жауып, төлем жасаған соң әмиянды лақтырып тастапты.
Фото: Kapital.kz
Фото: Kapital.kz

 Такси қызметіне жүгінген қала тұрғыны көлікте әмиянын ұмытып кетеді. Жолаушысының ақшасын тауып алған такси жүргізушісі болса, оны айыппұлдарын төлеуге жұмсаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 Бұл оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. Әлгі ақшаның иесі көпбалалы ана баласының оқу ақысын төлеуге асыққан. Содан такси шақыртады. Межелі жерге жеткеннен кейін әмиянының түсіп қалғанын байқамай қалған. Онда ақшадан өзге, банк карталары мен құжаттары болыпты.

"Әмиянымда екі банктың картасы болды. Ақшаны баламның оқуына жинағанбыз. Бұдан бөлек, әмиянда 70 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша жатқан", - дейді Қарлығаш Байтүленова.

Ақшасын жоғалтып алғанын білген қала тұрғыны Есіл аудандық полиция басқармасының №18 бөлімшесіне дереу хабарласқан. Осыдан кейін полиция қызметкері бейнебақылау камералары арқылы көліктің нөмірін және жүргізушіні анықтап, әлгі такси жүргізушінің ақшаны тауып алған соң, қайда жұмсағанын да анықтап үлгерді.

 Тексере келе, такси жүргізуші тауып алған ақшаны пайдаланып, айыппұлдарын жауып, төлем жасаған соң әмиянды лақтырып тастапты.

"Мен учаскелік инспектор, полиция майоры Бақдәулет Саховқа ерекше алғыс айтамын. Ол жағдайымды бірден түсініп, тез арада көлік жүргізушісін тауып алды. Оның кім екенін анықтады және менің заттарымды қайтарып алып берді", - дейді  полиция қызметкерлерінің әрекетіне риза болған Байтүленова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары