Қазақстан құрамасы мен Ресейдің "Оренбург" командасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат болгариялық "Славия" командасымен жолдастық матчын өткізу барысында жанжал шығарды, деп хабарлайды Sports.kz.
Ойынның 78-ші минутында Қуат жерге құлап кеткен қарсыласынан допты алып қоюға тырысады. Сол сәтте оны "Славияның" өзге ойыншысы итеріп жіберген. Абырой болғанда, жанжал ұзаққа созылмаған.
Тартысты ойын нәтижесінде, ресейлік клуб 2:3 есебімен жеңілді. Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Бұл ойын Қуат есімді футболшының ресейлік премьер-лига клубындағы осымен екінші ойыны.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін "Қайрат" клубының құрамында ойнаған Қуат "Оренбургке" ерікті агент ретінде былтырғы жылдың аяғында қосылған.