$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде қазақстандық подполковникті өлтіріп кетті

Шабуыл болған жерде ешқандай бейнебақылау камералары болмаған.
фото: КТК.kz
фото: КТК.kz

Қазақстанның ІІМ өртке қарсы қызметінің 62 жастағы подполковнигі Санк-Петербургте жасалған шабуылдан қаза тапты. Мұндай жаңалықты ресейлік басылымдар жариялауда деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Фонтанка" порталының ақпаратынша, қайтыс болған қазақстандық офицердің аты Вячеслав Джексенов. Оған 21 қаңтарда шабуыл жасалған. Болжам бойынша, белгісіз біреулер оған арқа тұсынан бірнеше соққы жасаған.

Джексеновты шұғыл ауруханаға жеткізген. Порталдың дерегінше, дәрігерлер оның басынан жарақаттанғанын анықтаған. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер қолдан келген емнің бәрін жасағанымен, подполковникті аман алып қалу мүмкін болмапты. Джексенов ауруханаға жеткізілген соң бір сағаттан кейін көз жұмған.

Әзірге қылмыстық іс қозғалмапты. Хабарламада қылмыс болған жерден темекі тұқылдары табылғаны айтылған. Тәртіп сақшылары оларды дәлел ретінде алған. Шабуыл болған жерде ешқандай бейнебақылау камералары болмаған.

"Журналистские расследования" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, басылым Джексеновтың Қазақстанның ІІМ ТЖК-де жұмыс істегенін хабарлаған. Соңғы жылдары ол зейнеткерлік демалыста болған екен. Джексенов 6 жыл бұрын Ресейдің солтүстік астанасына көшіп, сонда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары