$ 490.84  536.88  5.04

Каспий теңізінің шекарасын бұзып өтпек болған 4 әзірбайжандық ұсталды

"Сарбаз" шағын, жүрдек қайықты қуып жетіп, тоқтауға мәжбүрледі.
Фото: "Сезоны года"
Фото: "Сезоны года"

2020 жылдың 21 қаңтарында, сағат 23.05 шамасында Каспий теңізіндегі Адамташ бұғазының оңтүстік-шығысында (жағалаудан 8,4 миль қашықтықта) теңіз шекарасын күзетіп жүрген "Сарбаз" шекарашылар кемесінің радиолокациялық құрылғылары белгісіз жүзу құралын байқаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарашылардың ультрақысқа толқынды халықаралық радиостанция арқылы жолдаған сауалдарына ешқандай жауап болмағандықтан, шекарашылар кемесі нысанаға жақындап келіп, оның "Байда" типтес шағын жүзу құралы екендігін анықтаған. Жарық және дыбыс беру құрылғыларын іске қосып, тоқтауды талап еткен шекарашыларға мойын ұсынбастан, белгісіз "Байда" ашық теңізге қарай қаша жөнелді. "Сарбаз" шағын, жүрдек қайықты қуып жетіп, тоқтауға мәжбүрледі. Қолдарын көтеріп қайықтан шекарашылар кемесіне көтерілгендер 1971, 1975, 1978 және 1983 жылғы Әзірбайжан азаматтары болып шықты.

Олардың үстінен "Мемлекеттік шекараны қасақана бұзғандығы үшін" Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 392 бабының 1 бөлігі бойынша іс қозғалатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары