$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақмыс» кәсіпорнының басшысына шабуыл жасаған кісі мәслихат депутаты болған

Кәсіподақ маманы мен бас директордың арасындағы араздықтың себебі, Тәжбеновті кәсіподақ басшысы қызметінен босату ниеті болған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

21 қаңтарда «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен байыту комбинатының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның әріптесі Сабыржан Тембаевты өлтіруге әрекет жасаған «Кәсіпқорған» ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов Сәтпаев мәслихатының депутаты болған, деп хабарлайды Today.kz.

Жезқазғандық қоғам қайраткері Берік Жағыпаровтың айтынша, кәсіподақ маманы мен бас директордың арасындағы араздықтың себебі, Тәжбеновті кәсіподақ басшысы қызметінен босату ниеті болған.

«Тоғызбай Тәженовке өз еркімен қызметінен кету ұсынылған. Ол мұны қаламады. Мүмкін, кеше кешкісін «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен өндіру кешенінің бас директорымен әңгіме барысында ол үмітсіздікке ұшыраған болар. Тоғызбай Тәжбенов табиғаты бойынша парасатты және байсалды адам. Алтыншы шақырылымдағы Сәтпаевтың қазіргі депутаты болған», - деді Жағыпаров.

Тоғызбай Тәжбенов еңбек жолын шахтер болып бастаған. Содан кейін ол әкімшілік қызметкер болды.

«Ол әрқашан сабырлы және байсалды болды. Тек үмітсіздік пен эмоционалды толқулар кешегі осындай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», - деп толықтырды Берік Жағыпаров.

Еске сала кетсек, шабуылдан кейін Тоғызбай Тәжбенов өз-өзіне қол жұмсап өлді. Ал Амангелді Мініғұлов жансақтау бөлімінде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары