$ 444.22  476.38  4.82

Екі күннен бері әлі жоқ: Алматы жақта мектептен оралмай қалған екі қыз табылмай жатыр

Полициядағылар іздеу жұмыстары облыстық департамент басшылығының бақылауына алынғанын айтты.

Алматы облысының сақшылары Ескелді ауданының екі оқушысы – Ару Бекберді мен Талшын Қызырбайды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қаңтарда кешкісін Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылының екі тұрғыны 2006 және 2008 жылғы кәмелетке толмаған балаларының мектептен қайтып оралмағанын айтып, арыз берген.

Ару Бекберді Алдабергенов ауылындағы Баисов атындағы орта мектепте 8 сыныпта оқиды. Қызғылт түсті күрте, қара бас киім және шалбар киген. 

Талшын Қызырбай 6 сыныпта оқиды. Қызыл күрте, қоңыр бас киім мен шалбар киген.

Полициядағылар іздеу жұмыстары облыстық департамент басшылығының бақылауына алынғанын айтты.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен Ару Бекберді мен Талшын Қызырбайдың қайда екені туралы қандайда бір мәліметті білген жағдайда дереу Ескелді аудандық полиция басқармасына мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (72836) 3-08-82, 8 777 846 4388 или 102», - деді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары