$ 490.84  536.88  5.04

Намаз кезінде мешітке келгендердің заттарын жымқырған

Аталған факті бойынша қазіргі таңда күдікті ұсталған. Оның мүлікті ұрлау ісіне қатысы бар екендігі анықталды.
Фото: islam.kz
Фото: islam.kz

Намаз кезінде мешіткен келгендердің заттарын ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл оқиға Алматы облысы Наурызбай ауданының аумағында болған. Сұғанақ қолды адам бір ай бойы Алла үйіне келушілердің мешіттердің кіреберісіне қойған заттарын ұрлаумен айналысқан.

"1992 жылы туған Д есімді күдікті намаз кезінде мешітке келген. Ыңғайлы сәтті қолдана отырып 27 жасар ер адам намаз уақытында мешітке келушілердің сыртқы киімінің қалталарын тексеріп, сол жерден ақша ұрлап кеткен, - дейді Наурызбай ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.

 Аталған факті бойынша қазіргі таңда күдікті ұсталған. Оның мүлікті ұрлау ісіне қатысы бар екендігі анықталды. Сондықтан да  ұрлау ісіне байланысты қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. Күдікті уақытша абақтыға қамалған. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыс бар ма, жоқ па бұл тұрғыдан да тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары