$ 498.34  519.72  4.85

Оралда өгей әкесін өлтірген 10 сынып оқушысы 9 жылға сотталды

Лапина мен Нұрхан Мақсоттың заңды өкілдерінен 1,5 миллион теңге зардап шеккендердің пайдасына бөлшек тәртіппен өндіріліп алынады.

Ирина Лапина 17 жастағы мектеп оқушысы. Ол 9 жылға, ал 19 жастағы Нұрхан Максот есімді досы 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Uralskweek.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жасөспірім Ирина Лапинаның "өгей әкесін өлтірген" деген айып тағылды. Олардың кісі өліміне қатысты кінәсі толықтай дәлелденді.

Сотталушылардың түрмеге тоғытылуына себеп болған қайғылы оқиға, 2019 жылдың 12 тамызында Коминтерн ауылында болған. Сол күні түнгі сағат 12:00 шамасында Ирина Лапинаның анасы Вероника Лапина күйеуімен жанжалдасып қалған. Мас болған Есқалиев әйелі мен 4 жасар қызын үйден қуып жіберген.

«Далада қалған әйел өзінің үлкен қызына хабарласқан. Ирина Лапина досымен бірге көрші ауылдан келіп, Есқалиевті соққыға жыққан. Ол оқиға орнында қаза тапты», - деп жазды дереккөзі. 

Сот жәбірленуші Есқалиевтің азаматтық ісін жартылай қанағаттандыруға міндеттеді. Лапина мен Нұрхан Мақсоттың заңды өкілдерінен 1,5 миллион теңге зардап шеккендердің пайдасына бөлшек тәртіппен өндіріліп алынады.

Есқалиевтің жақындары болса, соттың бұл шешімімен келісіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары