$ 444.22  476.38  4.82

Үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел аман қалды (ВИДЕО)

Содан ол бірден Нижневартовск ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтып отыр.

Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің Излучинск елдімекенінде тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел бірден тұрып, көршілеріне кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, НТВ арнасына сілтеме жасап.

Кадрдан әйелдің биіктіктен үйдің жанына жиналып қалған омбы қарға құлап түскенін көруге болады. Бұдан кейін ол дереу тұрып, көршілерінен жедел жәрдем шақыруды сұраған.

Содан ол бірден Нижневартовск ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтып отыр. Қазір өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеу комитеті істің мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары