28 қаңтар күні Қарағанды облысының жолдарында 26 автокөлік соқтығысып қалған. Бірақ, оның салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша, ақ қар, көк мұзда далада қалған жұртты полиция қызметкерлері іздеп тауып, үсіп кетуден аман алып қалып жатыр. Мысалы, Теміртау-Қарағанды тас жолында олар көмекке мұқтаж 40 шақты адамды құтқарған.
Сол жерде барлық адамды эвакуациялаған сақшылардың бірі – Дамир Құдайберген. Ол ұйытқи соққан боран мен сақылдаған сары аязға қарамастан, әріптестерінің көтеріңкі көңіл күйді жоғалтпайтынын айтып мәз. Ал өзінің мұз құрсанған сиқы – мынау (суретте). Ел үшін еңбек етер ер-азамат дегеніміз осындай болса керек-ті.