$ 489.06  536.21  5.05

Қандала улаймын деп көршісінің баласын өлтіріп алған келіншек сотталды

Абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды.
Фото: Tumba.kz
Фото: Tumba.kz

Ақтауда қандала улаймын деп жүріп көршісінің баласын өлтіріп алған келіншек екі жылға сотталды, деп хабарлайды Хабар 24.

 Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. 

Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа шығып кеткен. Үйде қолдануға тыйым салынған таблеткалар туралы ешкімге ескертпеген екен. Бұл әрекеті абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды. Сот үкімі бүгінде заңды күшіне енді. 

 "ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 2-бөлігі, яғни, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамағандықтан абайсызда адамның өліміне апарып соқтыруы бойынша кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппелициялық сот алқасымен Ақтау қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, сотталушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды", - дейді қалалық соттың судьясы Аида Бұлақбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары