29.01.2020, 09:40

ҰҚК теріс діни ағымды насихаттады деген күдікпен Түркістан облысында 4 баланың әкесін ұстады

Фото: кадрдан скриншот
Күдіктінің өзі болса, салафит ағымын ұстанатынын жасырмапты.

Терроризмді насихаттаған деген күдікпен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды. 56 жастағы ер кісіні салафизм идеяларын жаппай таратқаны үшін деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тұтқындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК-ға сілтеме жасап. 

Жихадшылардың бірі болған ауыл тұрғыны мешітке келген халықты теріс діни ағымға тартып, әлеуметтік желілерде осы тақырыпта жазбалар қалдырып жүрген. Осы әрекеттерінің салдарынан, күдікті арнайы жасақтың назарына ілінген. Күдіктіні көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде тыйым салынған әдеби кітаптар табылыпты. 

Ұсталған адамның жұбайы және төрт баласы бар. Алдағы уақытта оның отбасы мүшелерімен теолог мамандар жұмыс жасайды. Күдіктінің өзі болса, салафит ағымын ұстанатынын жасырмапты.