31.01.2020, 07:35

Өскемендегі күнбағыс майын шығаратын зауыт өртенді (ВИДЕО)

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Тасымал конвейері, цехтың шатыры жанған.

Өскеменде май зауыты отқа оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қаңтарда Өскемен қаласының 101 шұғыл байланыс желісіне Степная көшесіндегі күнбағыс майын шығаратын «МАЙ» АҚ зауытында өрт болғаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру тобы оқиға орнына сағат 11: 15-те келіп жетіп, тасымал конвейері мен күнбағыс тұқымдарының отқа оранғанына куә болды. Алайда, өрт сөндірушілер өртті жою үшін қажетті шараларды қабылдады.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Тасымал конвейері, цехтың шатыры жанған. Оқиға орына қосымша көмек келіп, жалынды өшіруге 60 құтқарушы мен 19 техника жұмылдырылды.

Тегтер: Өскемен өрт