$ 481.84  531.33  5.07

БҚО-ға зымыран бөлшегі құлады

Бөкейорда ауданының әкімі зымыран қалдығы құлағаны туралы ақпаратты растады.

 БҚО-да зымыранның бір бөлігі мемлекеттік шекараға жақын үш шақырым жерден табылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "mgorod.kz"-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметіне иек артсақ, зымыран бөлшегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан үш шақырым жерден табылған. Ол 30 қаңтарда құлаған.

Бөкейорда ауданының әкімі зымыран қалдығы құлағаны туралы ақпаратты растады. 

"Болжам бойынша, бұл жанармай багы. Оны 30 қаңтарда шекарашылар тауып алды. Ресей Федерациясы сол күні оқу-жаттығу өткізген, зымыран бөлшегі сол жақтан ұшып келген деп жорамалдап отырмыз. Оқиға орнында жедел жұмыс тобы қарекет қылуда. Зардап шеккендер жоқ", - деді Н.Рахымжанов.
 
Естеріңізге сала кетсек, мұндай оқиғаның бұл өңірде болып тұрғаны бірінші рет емес. Бұған дейін 2014 жылдың 27 наурызына қараған түні Бөкейорда ауданындағы Шунгай ауылының шетіне ресейлік ракета бөлігі құлаған болатын, оны зерттеген мамандар метеорологиялық зымыранның бір бөлігі деп таныған еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары