$ 514.65  544.6  5.17

Кәмелетке толмаған қызын зорлаған ақтөбелік 19 жылға сотталды

Сотталушы жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық залал төлеуі тиіс.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының төрайымы Дина Таңсәрі Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Ермек А. 2019 жылы ақпанда кәмелетке толмаған қызын зорлаған. Қоғам белсендісінің айтуынша, ауыр қылмыс жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. 

Облыстық сот мәліметінше, қылмыстық сот ісі алқабилер қатысуымен өткен. Сот үкімімен кәмелетке толмағандарды азғындау және зорлау бойынша кінәлі деп танылды. Ол 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі қатаң бақыланатын мекемеде өтейтін болады. 

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық залал төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары