Әлемге футболдағы үлкен жетістіктерімен танылған аргентиналық Лионель Месси мен германиялық қақпашы Марк-Андре Тер Штеген жаттығу кезінде төбелесіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұжымдағы жағдай команда "Валенсиядан" (0:2) есебінде жеңіліп қалған сәттен бастап ушыға бастаған.
"El Pais" дерегіне көзжүгіртсек, жасыл алаң ойыншылары жаттығу кезінде допқа таласып қалған. Содан дау туындапты.
Естеріңізде болса, Месси ақпан айының басында Жерар Пикемен жанжалдасып қалған болатын. Ал мұның алдында футболшы Мессидің "Барселонаның" спорт директоры Эрик Абидальмен текетіресіп қалғаны мәлім болған еді. Олардың бұлай жанжалдасуына функционердің экс-бапкері Эрнесто Вальверденің клубтан кетуіне қатысты айтқан пікірі түрткі болған.