7 ақпанда сағат 10: 00-де Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақаттарын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің колледжінің 2 курс студенті жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 ПБ-мен ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен аталған оқу орнының 2 курс студенті ұсталды.
Қылмыс құралы - пышақ алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.