$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда онкология бөлімінің науқастары тақтайға жатуға мәжбүр

Бірақ, біреуіне отырамын деп құлап қалғанмын. Сол кезде екі тақтай екі жаққа кетті.
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

 Маңғыстау облысында емделушілер тақтай кесінділерінің үстіне жатып, ем қабылдауға мәжбүр болып отыр.  науқастар облыстық аурухананың жанындағы паллиативтік, онкологиялық және химиотерапиялық бөлімнің жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталмыш бөлімге келіп, емделушілердің бірінің сөзіне сенсек, ондағы керуеттер матраспен жабдықталмаған көрінеді.

"Кереуеттердің барлығы емес, бірақ, көбінің жағдайы нашар. Олардың қатты екеніне көндігіп, үйреніп кеттім. Бірақ, біреуіне отырамын деп құлап қалғанмын. Сол кезде екі тақтай екі жаққа кетті. Менімен бірге жатқан көрші төсектегі әйелдің керуеті де сондай. Шындықты айту керек, палаталар таза, жөндеу жұмыстары жасалған, қызметкерлері жақсы, керуеттері сұмдық енді", - дейді емделуші.

Айтпақшы, аурухана қызметкерлері бұл олқылықты мойындап отыр.

"Рас, ондай керуерттер тұратын палата бар. Дегенмен, ол палатаның көп қолданбаймыз. Онда да емделушілер көп болған жағдайда ғана. Палаталарда матрасы бар стандарт кереуеттер қойылған. Қазір жаңа төсек алғанымыз қолаймыз болмақ. Себебі жақында басқа ғимаратқа көшеміз. Ол жерде жеткілікті төсек бөлінген, - деп хабарлады Маңғыстау онкодиспансерінің химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Салтанат Маштакова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары