$ 446.49  475.38  4.79

Петропавлдық 84 жастағы кейуана пәтерінде жанып кетті

Өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтер жалындап жанып жатқан.

Петропавлда 9 қабатты үйден өрт шығып, 84 жастағы әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10.30 шамасында «101» қызметіне Кошуков көшесі, 7 мекен жайындағы 9 қабатты үйдің үшінші қабатынан өрт шыққандығы жөнінде хабарланған.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтер жалындап жанып жатқан. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 8 адамды, соның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнынан пәтердің иесі - 1936 жылы туған әйелдің денесі табылды. Жалынмен күреске 20 адам және 6 техника жұмылдырылды. Сағат 11.00 шамасында жалын толық сөндірілді. Өрт салдарынан дүние-мүлікке зақым келді. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары