$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтан қаласында 20 бөлмелі жатақхананың екінші қабаты өртенді

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Жалын сағат 22:44-те толық сөндірілді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Елордада екі қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 ақпанда сағат 21:37-де Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру қызметіне Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 26 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Жалын сағат 22:44-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жатақханада 20 бөлме болған» делінген ТЖК хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары